«ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниясына айналды
1298
11 Наурыз 2021
«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ дербес портфельдік компаниясына айналды. Бүгін Үкіметтің қаулысы қабылданып, «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» арасында «ҚазТрансГазды» «Самұрық-Қазына» қорының сенімді басқаруына беру туралы келісімге қол қойылды.
«Осылайша, «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы газды тасымалдап қана қоймай, сонымен бірге газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық операторға айналады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Естеріңізге сала кетейік,, өткен жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» қорының Басқарушылар кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансГазды» «ҚазМұнайГаздан» «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағындыру міндетін қойған болатын.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырды.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...