Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
1583
25 Мамыр 2021
Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі жұмысы мен негізгі қаржылық көрсеткіштері, кәсіпорындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, сондай-ақ, Қор қызметкерлеріне екпе егу барысы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфрақұрылым, мұнай-газ және энергетика бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев Президентке газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газды қайта өңдеу зауытының құрылысы, «Астрахан-Маңғышлақ» магистральді су таратқышы мен «Достық-Мойынты» теміржол көлік дәлізін қайта жаңғырту жоспарын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...