«Cамұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамына Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі жаңа басқарушы директор тағайындалды
1514
26 Шілде 2021
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен Мұхтар Манкеев Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Мұхтар Тәжіғалиев Активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор лауазымына ауыстырылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы жаңа басшыны ұжымға таныстырды.
Бұған дейін Мұхтар Манкеев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы, СҚО әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, «Фин Бизнес хабы» компаниясының директоры, «Астана Innovations» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі, ҚР ИЖТМ «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Технологиялар трансферті департаментінің директоры және т.б. лауазымдарды атқарған.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Оулу университетін, Финляндия, бітірген.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...