«Самұрық-Қазына» Қоры көміртек ізін 10% төмендету мақсатын қойып отыр

«Самұрық-Қазына» Қоры көміртек ізін 10% төмендету мақсатын қойып отыр

1191

07 Қазан 2021

Қазақстанның елордасында бүгін Дүниежүзілік энергетика апталығы және XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында "Энергетика адамзат игілігі үшін" атты форумының соңғы күні болды. 

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгін XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында өткен жаһандық «Энергетикалық өңірлердегі тепе-теңдік, тұрақтылық пен қауіпсіздік балансын сақтау» тақырыбындағы пленарлық отырысың жұмысына қатысты. 

Сессияның негізгі тақырыбы Дүниежүзілік энергетикалық Трилемма Индексі болды. Трилемма Индексі дегеніміз үздік әлемдік тәжірибені анықтап, бағалау әдістемелері бойынша ортақ ұстанымға келіп, энергетикалық ауысуды жеделдетуге және тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған механизм. 

Өз сөзінде Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Трилемма Индексінде 42-ші орынға ілгерілеу – мемлекеттік органдардың, Отын-энергетикалық кешеннің ең ірі деген компаниялары, академиялық қоғамдастық пен салалық Қауымдастықтардың Қазақстанның энергожүйесінің беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмысының жемісі екенін атап өтті. 

“Самұрық-Қазына» АҚ ел экономикасындағы ролін және қоршаған орта мен қоғамға деген ықпалын ескере отырып, Қор өз қызметін Трилемма қағидаттарына сәйкестендіруді қамтамасыз етуді міндет қылады. Осы орайда, Біз көміртек ізін алдағы 10 жылдың ішінде 10% төмендету мақсатын қойып отырмыз. Мұнымен қоса, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылық әлеуметтік-экономикалық дамудың басты басымдықтары болып қала береді», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол сондай-ақ баламалы қуат көздерін дамыту және зияткерлік энергожүйені қалыптастыру қомақты инвестицияны қажет ететінін тілге тиек етті. Сондықтан, ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың 10% ғана келетін ауыспалы экономика елдері үшін халықаралық даму институттарының тарапынан қаржыландыру және тәжірибе бөлісу жағынан қолдау қажет болады. 

Сонымен қатар, KAZENERGY форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және СИБУР Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриалдық мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында мұнайгаз химия жобаларын іске асырудың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойды. 

Бұл құжаттарға сәйкес, тараптар интеграцияланған газхимиялық кешеннің негізінде бірлескен кәсіпорын құру шарттарын белгіледі. Атап айтсақ, әңгіме салуға жоспарланып отырған жылдық қуаты 1 250 мың тонна болатын полипропилен өндіру зауытының құрылысы және салынып жатқан жылдық қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт жөнінде болып отыр. Осы екі жобада СИБУРдың үлесі 40% болады. 

Бірақ, СИБУР бұл жобаға тек полипропилен зауыты іске қосылғаннан кейін және қажетті реттеуші келісімдер бекітілгеннен кейін ғана кіре алады.