«Самұрық-Қазына» АҚ Қордың Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне үш адам конкурс негізінде іріктеп алынатынын хабарлайды
690
22 Қараша 2021
Жұмыс тобына мүше болуға он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы құқылы.
Жұмыс тобына мүше болуға үміткердің:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелмеген, немесе мерзімі аяқталмаған жазасын өтеу туралы сот үкімі болмауы шарт;
2) сот шешімімен, немесе заңмен бекітілген басқа да тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмысына және (немесе) құқық бұзушылығына қатысы бар деп танылмауы тиіс;
3) психикалық ауытқушылықтарға қатысты, соның ішінде психобелсенді заттарды қабылдауға байланысты тәртіп бұзушылықтарға қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелерінің есебінде тұрмауы шарт.
Конкурсқа қатысамын деген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарлама жарияланғаннан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде (2021 ж 23 қарашасынан бастап 2021 29 қарашасы, сағат 18.00-ге дейін) қолма қол, немесе q-kenes@sk.kz электрондық мекен жайға келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) осы хабарламаға қоса ұсынылған қосымшаға (жүктеп алу) сәйкес толтырылған азаматтың жұмыс тобына мүше болуыға өтініш, немесе коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобына мүше болуға өз үміткерін шығару туралы жазбаша хаты;
2) үміткердің кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
{{ $t('messages.news1') }}
Қауіпсіздік бәрінен де маңызды. Қазақстанның еңбекті қорғаудағы тәжіри...
{{ $t('messages.news1') }}
Түркістан облысында заманауи электр станциясы іске қосылады
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан оңтүстігіндегі энергия қауіпсіздігі жаңа электр қуатымен нығ...
{{ $t('messages.news1') }}
Түріктің Силифке қаласының мэрі қазақстандық компанияларды АЭС салынып...