«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы қорды реформалау барысы туралы есеп берді
3555
08 Ақпан 2022
ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қордың 2021 жылғы қызметінің қорытындысы жайлы, және Мемлекет басшысының тапсымаларын орындау барысы туралы есеп берді.
2021 жылы «Самұрық-Қазына» Қорының жиынтық таза пайдасы 2020 жылмен салыстырғанда 146%-ға өсіп, 1 трлн 515 млрд теңгені құрады. Қор тобының өндірістік көрсеткіштері жақсарды: электр энергиясын өндіру және тасымалдау, мұнай мен газды тасымалдау, контейнерлік транзит және телекоммуникация салаларында қарқынды өсім байқалды.
Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» Қорын реформалау аясындағы негізгі мақсаттар туралы баяндап берді.
Жаңа Стратегияға сәйкес Қор қызметінің басты бағыттары:
- стратегиялық активтердегі бақылау үлесін сақтай отырып, портфельдік компанияларды IPO/SPO шығару арқылы жалпы ішкі өнімдегі квазимемлекеттік үлесті азайту;
- нақты секторларға инвестиция құю, экономиканың инфрақұрылымын дамыту, отандық бизнесті қолдау;
- Қор инфрақұрылымы мен қызметіне қол жеткізу жолындағы кедергілерді жою;
- сатып алу процедураларының ашықтығын қамтамасыз ету және сатып алудағы адами факторларды азайту;
- Қордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;
- әлеуметтік жауапты баға қалыптастыру.
Қор басшысы басымдылық берілетін жобалар туралы айтып берді, оның ішінде Қазақстанның батыс өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету, газ өткізу және электр энергиясы саласындағы жобалар, темір жолды модернизациялау бар.
Орта және шағын бизнесті қолдау шаралары қабылдануда, ірі инвестициялық жобалар мен импорттың орнын басатын өнеркәсіпті дамыту бойынша бизнес серіктестік орнатылуда.
Жаңа стратегияны іске асыру алдағы үш жылдың ішінде 8,2 млрд доллар инвестиция тартып, кем дегенде он мың жұмыс орнын ашып, 24 жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...