«Самұрық-Қазына» АҚ-да сатып алу тәртібі өзгерді
1528
31 Наурыз 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айында өткен мәжілісте Қордың сатып алу жүйесіндегі ашықтық мәселесін шешудің өзектілігін атап өткен болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында конкурстық рәсімдерді өткізудің жаңа ережелері әзірленді. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен жаңа редакцияда бекітілген Сатып алу тәртібі күшіне енеді.
«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сатып алуды өткізу тәртібі Қаржы министрлігімен келісілді.
Тәртіп жобасын әзірлеу кезінде Қор Қаржы министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен құжатты талқылап, консультациялар жүргізді. Жан-жақты қамтылған жүйелі кеңес нәтижесінде құжатта мемлекеттік органдардың негізгі ескертулері мен бизнес-қауымдастықтардың сындарлы ұсыныстары ескерілді.
Қор қабылдаған жаңа Тәртіп басқа құжаттарға сілтемесіз барлық сатып алу рәсімдерінің сипаттамасын қамтиды және тікелей әрекет құжаты болып табылады.
Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздері айтарлықтай қысқартылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциацияларды жаңа үдерістерге қатыстыру арқылы сатып алудың санаттық басқарылуы және біліктілікті іріктеу процесінің ашықтығы арттырылды. Осы ережеге сәйкес, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдаудың жаңа шаралары енгізілді.
Сатып алу үдерісін жетілдіру мақсатында Қор, мүдделі мемлекеттік мекемелер және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, еліміздің аумағындағы барлық субъектілердің сатып алуларын реформалау үдерісіне белсенді түрде атсалысуды жоспарлап отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...