«Самұрық – Қазына» мен Eni Қазақстандағы энергетикалық даму жолын талқылады
720
11 Сәуір 2022
«Самұрық-Қазына» АҚ және Эни Қазақстандағы энергетикалық даму жолын жүзеге асырудағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Нұр-Сұлтан қаласында компания басшыларының кездесуі өтті.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Eni компаниясымен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтті. Қор қазіргі уақытта ауқымды реформалау бағдарламасын қолға алғанын және оны жүзеге асыруда ESG қағидаттарын ескеретінін айтты.
Eni өкілдері газ нарығындағы ағымдағы жағдайға байланысты энергия ауысуының маңыздылығы артып, экспорттаушылар тарапының инвестиция тартуға ұтымды мүмкіндіктер туғанына тоқталды.
Сонымен қатар, Eni елдегі көміртексіздендіру жоспарына үлес қосуға дайын. Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарынан шығарындыларды азайту, көміртекті сүзіп алып, оны тиімді пайдалану және сақтаудағы (CCUS) жобасына сай Eni тәжірибесін пайдалануды қолдай отырып, қолғабыс жасауға ықтиярлы.
Кездесуде сондай-ақ, «Эни» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларының энергияға көшу саласындағы өзара түсіністік туралы өткен жылдың шілде айында қол қойылған меморандумдарды, атап айтқанда, жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел энергетикасын дамытудың қажеттілігі мен инвестициялық жоспарларды ескере отырып, ұлттық электр желісін жаңғыртып, өңірдің әлеуетін тиімді дамыту үшін инвесторлардың, «Самұрық-Энерго» мен «KEGOC» жүйелік операторының жұмысын ұштастыру маңыздылығы айтылды.
«Самұрық-Қазына» Eni компаниясының жаңартылатын энергия көздері саласындағы технологиялары мен тәжірибесін жоғары бағалай отырып, итальяндық әріптестердің осы саланы дамыту және қажетті сараптама жүргізу бойынша бірлескен тиімді жұмыстың нәтижелі болатындығына сенеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...