Қоғамдық кеңесте «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асыру тәртібі талқыланды

Қоғамдық кеңесте «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асыру тәртібі талқыланды

706

25 Сәуір 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Қорға сатып алудың жаңа тәртібі әзірленіп, енгізілді. 

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу рәсімдерінде инновациялар қолданыла бастады. Болат Жәмішевтің төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына «Самұрық-Қазына» АҚ, жұртшылық, сарапшылар қауымдастығы, кәсіпкерлер және басқа да мүдделі тұлғалардың өкілдері қатысты. Тараптар қабылданған ережелердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын талқылады.


828A1056.jpg

 – Ел Президентінің тапсырмасы қаншалықты орындалды деген сұрақты бұдан бұрын да қойғанмын. Ол тапсырмалар сатып алудың барынша ашықтығын талап ететін мәселелерге қатысты. Екінші жағынан, «Самұрық-Қазына» ұлттық өнімді дамыту мен әлеуметтік жобаларды қолдауға да жауапты. Еркін нарықтық талаптар ашық процедураларды қажет етеді. Сондай-ақ, қолдауды қажет ететін секторлар бар. Бұл сатып алулар әртүрлі. Оларды біріктіру қиын, бірақ қажет!, - деп атап өтті Болат Жәмішев. 

Қоғамдық Кеңесте Қордың сатып алу тәртібінің нақты қалай өзгергені туралы құқықтық қамтамасыз ету, кепілдік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Николай Казутин баяндады. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу негіздері айтарлықтай қысқарғанын, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, қоғамдық бірлестіктер және қауымдастықтарды тарта отырып, сатып алуды категориялық басқару және алдын ала біліктілік беру процесінің ашықтығы арттырылғанын атап өтті. Осы үдерістер негізінде отандық тауар өндірушілерді және ШОБ субъектілерін қолдау бойынша қосымша шаралар енгізілген.

828A1013.jpg

Жиынға қатысушылар, олардың көпшілігі  Қор компаниялары тобының жеткізушілері осы енгізілген тәртіптің жақсы жақтарына тоқталып, процесті жетілдіру бойынша басқа да ұсыныстар айтты. Алдағы уақытта жұмыс киімдерін стандарттау, алдын ала қарау мерзімдері және жеңіл өнеркәсіп үшін техникалық тапсырманы дайындауға қатысты. Жаңа тәртіп енгізілгенге дейін ұсыныстарды жүйелеп, ағымдағы жылдың соңына қарай бақылау жүйелерін бағалау, конкурсқа қатысуға өтінім беру кезінде құжат айналымын қысқарту, өтінім беру мүмкіндігін қосымша талдауды қарастыру, холдингаралық ынтымақтастық шеңберінде сатып алуды азайту ұсынылады.  Қорға сатып алулар базаларын түрлендіруде электронды дүкенмен шектелмей, көшбасшы болу ұсынылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Қор компаниялары тобындағы сатып алу жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар мен талап-тілектер  қарастырылатындығы айтылды.