«Самұрық-Қазына» бизнеспен бірлесіп сатып алу жүйесін жетілдіруде

«Самұрық-Қазына» бизнеспен бірлесіп сатып алу жүйесін жетілдіруде

694

29 Сәуір 2022

«Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстанның бизнес және сарапшылық қауымдастығымен тығыз байланыста сатып алу рәсімдерін жетілдіруді жалғастыруда. Бұл туралы бүгінгі Қор өкілдері өткізген баспасөз брифингінде мәлім болды.

Барлық пікірлер ескерілді

«Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу әдістемесі секторының меңгерушісі Юлия Архипова жаңа сатып алу ережелері бастапқыда бизнес-қауымдастықпен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП-мен, мемлекеттік органдар: ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, ҚР Президент Әкімшілігімен бірлесіп әзірленгенін атап өтті. Әлеуметтік желі арқылы түскен азаматтардың пікірлері де ескерілді. Олардың сұрақтарына берілген  жауаптар Қордың сайтында жарияланған.



Жаңартылған сатып алу ережелерін «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің бизнес қоғамдастықпен 22 сәуірде бірлесе өткізген отырысында  талқылады. «Көптеген кәсіпкерлер «Самұрық-Қазына» қорының бүгінгі сатып алу жүйесі басқа жүйелермен салыстырғанда барынша түсінікті, анық әрі ашық, бизнес үшін  қолайлы екенін атап өтті», - деді Юлия Архипова.

Сатып алуға кез келген адам қатыса алады

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры Мұрат Тұрғанбаевтың айтуынша, қазірдің өзінде сатып алу деректерін машина оқитын форматта ашық қолжетімділікке беру үшін арнайы функция іске қосылған (zakup.sk.kz). Енді кез келген адам Қор компанияларының барлық сатып алуларын түрлі параметрлер бойынша талдай алады.

Тендер нәтижелеріне шағымдану институты да енгізілді. Енді өткен тендердің нәтижесіне қанағаттанбайтын кәсіпкер апелляциялық шағым түсіре алады. Барлық шағымдар zakup.sk.kz веб-порталында ашық жарияланады. Сонымен қатар, Қордың сатып алу деректерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексеретін болады.

«Самұрық-Қазынаның» барлық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуына кез келген адам қатыса алады. Бүгінгі күні біздің жүйеде 70 000-нан астам пайдаланушы тіркелді», – деді Мұрат Тұрғанбаев.

 Отандық бизнесті қолдау

«Самұрық-Қазына Контракт» Бас директоры отандық тауар өндірушілерді қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі - Қазақстанда жаңа өндірістерді құруды ынталандыратын импортты алмастыру бағдарламасы екенін атап өтті. Қолдау тәсілдерінің бірі оффтейк келісім-шарттар, яғни әлі өндірілмеген өнімді  сатып алу операциялары үшін қаржы көздерін тарту. «Самұрық-Қазына» қоры мұндай келісім-шарттарды сатып алуларға бірінші болып енгізіп отыр.

Бүгінгі таңда 54 жоба мақұлданып 82,2 млрд.теңгеге 192 оффтейк шарт жасалды. Ашықтықты арттыру үшін Қазақстанда әлі өндірілмейтін 4,15 мың таза импорт пулы тізімделді. Бұл өндіріс кілттерін жасаудан бастап мұнай өңдеуге арналған катализаторларға дейінгі жобалар.

Кез келген адам олармен «Самұрық-Қазына Контракт» және svoyzavod.kz сайттарында таныса алады. Қор алдағы уақытта оны отандық компаниялар әзірлеп шығарады деп сенеді.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау туралы сауалға жауап берген спикер Юлия Архипова жергілікті тауар өндірушілерге айтарлықтай басымдық беріліп жатқанына тоқталды. Олар кепілдің барлық түрінен босатылды. Оларға шарт сомасының кемінде 30% мөлшерінде аванс төленіп, тендерде жеңілдіктер қарастырылған. Жеткізілген тауарларға өтем төлеу мерзімі 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын барлық тауарларды жеткізудің ең қысқа мерзімі кемінде 60 күн, күрделі тауарлар үшін кемінде 120 күн деп белгіленді. Программалық қамтамасыз ету мен IT өнімдерін сатып алу да тек отандық өндірушілерден жүзеге асырылады.

Проблемалық сұрақтарға жауаптар

БАҚ өкілдері сатып алудың жаңа тәртібінде бір көзден алу тәсілі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры тобындағы сатып алу форматы сақталғанына ерекше назар аударды.

Қор өкілдері мұндай сатып алулар саны 34-тен 20-ға дейін немесе 41% күрт қысқарғанын айтты. Соның арқасында 400 миллиард теңгеге жуық сатып алу бәсекелестік ортаға берілді. Бұл тарапта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып бәсекеге қабілетті емес сатып алуларды азайту бойынша жұмыс жалғасуда.

Бәсекелестіктен тыс сатып алулар тізбесінен мысалы: стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберіндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, телекоммуникация активтері мен жабдықтарын, мерзімді басылымдарды, ұялы байланыс операторларының қызметін, медициналық тексерулер және т.б. жұмыстар мен қызметтерді сатып алу алынып тасталды.  Енді бұл сатып алулардың барлығы бәсекелестік арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Мұндай сатып алуды азайту мақсатымыз. Жоғарыда айтылғандай, топ ішінде сатып алулардың әлеуметтік құрамдас бөлігі бар. Қор өндірістік кәсіпорындардың еңбек ұжымдары алдында жауапты. Сондықтан біз тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен мұндай сатып алуларды азайтуды жүйелі түрде жалғастыра береміз», - деп түйіндеді сөзін Юлия Архипова.

Сатып алудың ашықтығын арттыру

Сатып алудың ашықтығын арттыруға бағытталған шараларды күшейту үшін zakup.sk.kz сатып алу веб-порталының Ұлттық палата және Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігімен (ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес) интеграциясы жүзеге асырылды.

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директоры Мұрат Тұрғанбаевтың айтуынша, бұған қоса, Қордың және еншілес ұйымдардың сатып алулары туралы мәліметтерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен қамтамасыз етудің интеграция мәселесін қарастыруда. Әлеуетті жеткізушілердің салықтары бойынша мәліметтерді (қаржылық тұрақтылық) Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алып отыру да жоспарланған.

Мұндай интеграция бағаның негізсіз өсуіне, сатып алу әдісін таңдаудың негізділігін бақылауға және ықтимал бұзушылықтарды анықтау мақсатында бақылаушы органдардың жұмысын жеңілдетеді.