«Самұрық-Қазына» қоры мен Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері әлеуметтік-еңбек саласын дамытуда

«Самұрық-Қазына» қоры мен Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері әлеуметтік-еңбек саласын дамытуда

722

12 Мамыр 2022

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Ағымдағы жылдың 11-14 мамырында құрамында Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов, әлеуметтік және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі Қадырбек Игізбаев және «Самұрық-Қазына» АҚ бас директоры Елдос Өмірзақов бар «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы  жұмыс сапарымен Қызылорда және Түркістан облыстарында болды.

WhatsApp Image 2022-05-13 at 12.58.47.jpeg

Қор басшылығы Қызылорда облысы Әкімінің орынбасары Балжан Шәменовамен кездесті. Тараптар «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды. Осындай құжатқа Түркістан облысы Әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен де қол қойылды.

Құжатта облыс активі мен еңбек ұжымдарына «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан әдістемелік және консультативтік қолдау көрсету қарастырылған. Бұдан былай Қордың портфельдік компанияларында туындайтын қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасындағы барлық еңбек даулары Қор өкілдерінің қатысуымен шешілетін болып келісілді. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ облыс әкімдіктеріне, жұмыс берушілер қауымдастығы мен өңірдегі ірі өнеркәсіптік компаниялардың өкілдеріне, олардың кәсіподақтарына «Әлеуметтік тұрақтылық индексін» анықтау тәжірибесін таратуда әдістемелік және консультативтік көмек көрсетуге міндеттенеді.

WhatsApp Image 2022-05-13 at 12.58.46 (1).jpeg

Қордың әлеуметтік блогы портфельдік компаниялардағы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында келісімге келе алмаған жағдайлардың алғышарттары туралы әкімдікке ақпарат беруге міндеттенеді. Қор өкілдері «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен келісім комиссияларының өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді. Қор өңдеуші кәсіпорындардағы әлеуметтік және еңбек дауларын шешу бойынша тәжірибе алмасуға дайын.

Қордың және өңірлердің басшылығымен куәландырылған меморандумдар әлеуметтік-еңбек саласын тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қолғабыс жасайды.

Сапар барысында «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Қордың өңірлерде орналасқан портфельдік кәсіпорындары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазпочта» АҚ филиалдары, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазГерМұнай» АҚ, «Қаратау» ЖШС, «SKZ-U» ЖШС және т.б. ұжымдарымен кездесті.

Қызылорда облысында облыс кәсіподақ белсенділерімен нәтижелі кездесу өтті. Сондай-ақ, Қор мен әкімдік өкілдері құрылысын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырған балалар ауруханасы негізінде ашылған «Қамқорлық» оңалту орталығында болды. Балаларды оңалту орталығы қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған.