«Самұрық-Қазына АҚ мен ЕАДБ басшылары қазіргі және болашақтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
778
17 Маусым 2022
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық Даму Банкі Басқармасының төрағасы Николай Подгузовпен кездесті.
Алмасадам Сәтқалиев Қордың ЕАДБ-мен ұзақ мерзімге созылған ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Бұған дейін банк Степногорск қаласындағы Күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау, Ақтөбе облысын газдандыру, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу және Ерейментау қаласындағы жел электр станцияларын салу сияқты Қордың портфельдік компанияларының бірқатар ірі жобаларын қаржыландырған болатын.
Қазіргі уақытта үш басым жоба: «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су тартқышын реконструкциялау және кеңейту (1 кезек)», Кендірлі суды тұщыту зауытын салу және Алматы ЖЭО-3 жаңғырту» жобасы бойынша келіссөздер жүргізілуде
«Біз бүгін барлық аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытудың зор әлеуетін көріп отырмыз. Ірі өңірлік жобаларды іске асыру тұрақты дамуға айтарлықтай ықпал ететініне сенімдіміз»,-деп атап өтті кездесу қорытындысы бойынша Алмасадам Сәтқалиев.
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...
{{ $t('messages.news1') }}
«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...