«Самұрық-Қазына» АҚ AIX/KASE алаңдарында «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын өткізу туралы жариялады
1115
28 Маусым 2022
Бүгін V «Astana Finance Days» конференциясы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын 2022 жылы өткізетінін жариялады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын бастапқы орналастыру AIX және KASE алаңдарында жүргізілетін болады.

Осы мақсатта Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, қазақстандық жетекші инвестициялық банктерді тартты.
Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ жеке және институционалдық инвесторларды барынша қамтуды жоспарлап отыр.

Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінде: «Халықты барынша тарту мақсатында, біз Қазпоштаның, биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мысал үшін, акцияларды үйден шықпай-ақ мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, сатып алуға болады, ал шалғай өңірлер үшін – Қазпошта бөлімшелерінің қызметтері пайдаланылады.» деп атап өтті.
Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінің соңында барлық қазақстандықтарды еліміздің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алуға қатысуға шақырды.
ХХХ
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, қайта өңдеуге және сервистік қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылған және еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...