«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің басшысы Қордың Директорлар кеңесінің құрамына кірді
1289
04 Шілде 2022
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев Директорлар кеңесінің мүшесі, Қордың тәуелсіз директоры болып сайланды.
Қоғамдық кеңестің басшысын Директорлар кеңесіне қосу – «Самұрық-Қазына» қызметіне қоғамның бақылауын арттыру бағдарламаның бір бөлігі.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсан айында кандидаттарды ашық конкурстық іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамы: азаматтық қоғамның жеті өкілі және Қордың үш өкілінен құралған он адамнан тұрады. Кеңес Қордың және оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық негізде құрылған.
Әр жылдары Болат Жәмішев Қаржы министрі, Өңірлік даму министрі, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары; Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық Даму Банкі Басқармасы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...