Қазақстан атом энергетикасын дамытуда және АЭС пайдалануда Францияның тәжірибесін зерделеуде
1038
21 Шілде 2022
18 шілдеден бастап Қазақстандық делегация АЭС салып, пайдалану және атом энергетикасын дамыту бойыншаі Республиканың тәжірибесімен танысу үшін Францияда жүр. Делегацияның құрамында ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық, «KEGOC» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өкілдері, атом және энергетика саласындағы сарапшылар бар.
Сапар шеңберінде Францияның Қаржы және Энергетика министрліктерінде кездесулер өтті, сондай-ақ АЭС-тың француз операторы - Eléctricité de France компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Францияның Еуропа және сыртқы істер министрі Оливье Бешт мырзаның жанындағы сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз істері жөніндегі делегат министрмен жеке кездесу өткізілді.
Келіссөздер шеңберінде мемлекеттік қаражатты тарту және мемлекеттік кепілдіктер беру сияқты атом жобаларын қаржыландыру модельдері, сондай-ақ осы жобаларға жеке инвестицияларды тарту тәжірибесі егжей-тегжейлі зерделенді.
Сондай-ақ делегация сапар аясында «Фламанвиль» АЭС барып-қайтты. Станция Шербур қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде, Ла-Манш бұғазының жағасында орналасқан.
АЭС құрамына Framatome әзірлемесінің P4 қысыммен жұмыс істейтін су реакторлары (PWR) орнатылған екі энергоблок кіреді. Бір блоктың электр қуаты – 1300 МВт. «Фламанвиль» АЭС Франциядағы барлық тұтынылатын электр энергиясының шамамен 4%-ын өндіреді.
Францияның Энергетика министрлігімен кездесуде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов: «Қазақстан көміртекті бейтараптыққа бағыт алды, терең декарбонаттау шараларын қарастыратын 2035 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын бекіту жұмысы жүргізілуде. АЭС салу электр энергиясының алда болатын тапшылығы мәселесін шешуге ғана емес, сондай-ақ ЖЭК-пен қатар, елдегі төмен көміртекті генерацияны дамытуға өз үлесін қосады» деп атап өтті.
Өз кезегінде, Франция Энергетика министрлігі Энергетика және климат бас басқармасының (DGEC) басшысы Лоран Мишель былай деді: «Франция Қазақстанның энергетиканы «көгалдандыруға» деген ұмтылысын қолдайды және осы саладағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастығын мақсат тұтады».
АЭС дамытудағы Францияның тәжірибесін әлемдегі ең кең тәжірибелердің бірі деп атауға болады, өйткені бүгінде Франция ядролық реакторлар саны жағынан әлемде (АҚШ-тан кейін) 2-ші орын алады: елдегі электр энергиясының 69%-ы дәл АЭС-та өндіріледі. Франция сонымен қатар әлемдегі ең ірі электр энергиясын таза экспорттаушы болып табылады және одан жылына 3 миллиард еуродан астам қаражат табады.
Қазіргі уақытта Франция атом саласын жаңарту және жаңғырту бағдарламасы туралы жариялады. Жұмыс істеп тұрған француз АЭС-інің қуаты біртіндеп тоза бастады, орташа есеппен алғанда әрбір үшінші ядролық реактор 40 және одан да көп жыл пайдаланылады. Сондықтан елімізде жаңа атом реакторларын салу бағдарлама басталды, оның шеңберінде 6 жаңа атом реакторын салу туралы шешім қабылданды және тағы 8 атом реакторын салу мүмкіндіктері қарастырылуда. EPR2 жаңа буын реакторларын салу жоспарлары 2023 жылы ұсынылып, кейіннен 2035-2037 жылдары пайдалануға берілуі тиіс.
Сондай-ақ Франция инновациялық шағын модульдік реакторлар мен жабық отын циклі бар реакторларды құруға 1 млрд еуро бөлетіні жарияланды.
Қазақстан еліміздің аумағында алғашқы АЭС салу үшін жетекші әлемдік компаниялардың ұсыныстарын зерделеуде. «Самұрық-Қазына» қорының жобалау ұйымы – «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Энергетика министрлігімен бірлесіп, әлеуетті технологияларға талдау жүргізеді.
Қазіргі уақытта пайдалануда тәжірибесі бар, уақыт көрсеткен қуаты үлкен реакторлық технологиялары бар төрт жеткізушіден шорт-парақ жасалды. Олардың қатарында кореялық KHNP, қытайлық CNNC, ресейлік «Ресатом» және француздық EDF бар.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті