Қазақстандық мамандар АЭС салуда Түркия тәжірибесін зерттеп жатыр
1058
26 Шілде 2022
Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін қолдануға болатын әлеуетті технологияларды «Самұрық-Қазына» қорының жобалау ұйымы – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС сарапшылары зерттеп жатыр.
Бүгін олар Түркиядағы алғашқы «Аккую» атом электр станциясы салынып жатқан Жерорта теңізінің жағалауындағы Мерсин провинциясына аттанды. Жақында төртінші энергоблоктың құрылысы басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын айта отырып, «Аккую» тәжірибесін зерттеуді тапсырды.
Атом энергетикасы технологиялары - бұл, әдетте, бірнеше мемлекеттердің ынтымақтастығы. «Аккую» жобасын халықаралық консорциум да жүзеге асырады.
Реакторлық қондырғы (су-сулы энергетикалық реактор) – ресейлік «Росатом» корпорациясының еншілес құрылымы – «Атомэнергомаш» әзірлемесі болып табылады. Турбиналарды француздық «Атомэнергомаш» және General Electric бірлескен кәсіпорны қамтамасыз етеді.
Қазақстандық мамандар халықаралық тәжірибені жүйелі түрде зерделей бастады. Олар ядролық реакторлар саны бойынша әлемде екінші орында тұрған (елдегі электр энергиясының 67%-ы АЭС-та өндіріледі) Францияда болды және бүгінде бұл елдің үкіметі саланы жаңғырту мәселелерін шешуде. Франциядағы әрбір үшінші реактордың қызмет ету мерзімі 40 жылдан астам.
Бұдан басқа «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) Қазақстандағы АЭС жобасында Кореяның тәжірибесін қолдануға мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Кореялық серіктестер техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және модификациялау бойынша техникалық көмек көрсетуден бастап АЭС құрылысы мен пайдалануға беруге дейінгі қызметтерді көрсетеді. Қазіргі уақытта KHNP Біріккен Араб Әмірліктерінде «Барака» АЭС төрт энергоблогын салуда.
Біздің сарапшыларымыз сонымен қатар атом энергиясы халыққа қызмет етіп жатқан Венгрия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеуді жоспарлап отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...