«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның ірі компанияларындағы үлесін қысқартады

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның ірі компанияларындағы үлесін қысқартады

345

15 Қыркүйек 2022

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның ірі компанияларын жекешелендіруге, IPO мен SPO-ға шығаруға бастамашылық ете отырып, үлесін қысқартады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта KASE және AIX жергілікті биржаларында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сын өткізу үшін белсенді түрде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл күндері Қазақстанның қалаларында бұқара халықты тарту үшін роуд-шоу басталады. Біздің міндетіміз – халықты хабардар етіп, барынша қамту», - деді А.Сәтқалиев.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін ҚМГ, AirAstana, QazaqGaz және ҚТЖ компанияларын IPO-ға шығару, KEGOC компаниясының SPO-сын өткізу жоспарланып отыр. «Самұрық-Энерго» компаниясын екі кәсіпорынға бөлінеді. Олардың бірінде барлық көмір активтері қалады. SamrukGreenCo екінші компаниясына барлық жасыл активтер, оның ішінде СЭС және ЖЭК объектілері беріледі. Ол 2023-2024 жылдары IPO-ға шығарылады.

Бұл ретте, Қор стратегиялық активтердегі бақылау пакеттерін сақтайды.