«Самұрық-Қазына» қоры басым жобалардың екінші пакетін жариялады
573
15 Қыркүйек 2022
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстандағы 16 жаңа басым инвестициялық жобалардың тізімін ұсынды.
Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Қор 13 басым жобаның бірінші пакетін 2022 жылдың көктемінде жариялады. Оған Алматы ЖЭО-ны газдандыру, Батыс Қазақстанды сумен жабдықтау, жаңа газ құбырлары мен темір жолдар салу сияқты бастамалар кірді.
16 жобаның жаңа тізімінде – мұнай-газ химиясы, Ұлттық электр желісін жаңғырту, базалық қуат көзін салу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту жобалары, 5G интернет желісін салу, жаңа теміржолдарды салу және т.б. жобалар қамтылған.
Жобалар Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жұмыс орындарын ашуға байланысты тікелей әсер етуден басқа, жобалар жанама ұзақ мерзімді әсерлерге ие – еңбек жағдайлары мен экологиялық ахуалды жақсартудың, тіршілік ету деңгейін арттырудың, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың, бизнесті дамытуды ынталандырудың жиынтық нәтижесі.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...