Қазақстан делегациясы АҚШ-тағы дарынды отандастармен кездесті
676
19 Қыркүйек 2022
Қазақстан делегациясы АҚШ-та тұрып, жұмыс істейтін дарынды қазақстандықтармен бейресми кездесу өткізді. Кездесу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясына қатысы барысында Нью-Йоркке сапары аясында өтті.
Туған елден келген делегациямен кездесуге барлық Америка Құрама Штаттарынан, тіпті Еуропа елдерінен қазақстандықтар жиналды. Олардың арасында бағдарламашылар Ботагөз Қошқарова (Apple), Жәнібек Датбаев (Facebook), Әлібек Датбаев және Илья Сидорович (Booking), Инвестициялар жөніндегі мамандар Анна Фокина (DCVC), Темірғали Мақатов (McKinsey), Смайыл Мақышев (Cedar Street Capital), Арина Күнгейбаева және Мариям Жұмәділ (IFC), менеджерлер Әділ Дощаев (Tesla), Әсет Әбдуәлиев (TaskRabbit), Әсел Төлеубаева (Step), Әділхан Қопабаев (Pfpchat).
Кездесуге «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қор өкілдері де қатысты. Ол Қордың Қазақстан экономикасындағы үлесін 5%-ға дейін азайту, ірі компанияларды IPO-ға шығару және жекешелендіру, инвестициялық холдинг моделіне көшу және ҚР өңірлеріндегі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жоспарлары туралы әңгімелеп берді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қазақстандық диаспора өкілдері Қазақстанда дата-орталықтар құру және энергетиканың заманауи түрлерін, атап айтқанда сутекті энергетиканы дамыту маңыздылығы туралы мәлімдеді. Кейбір қатысушылар өздерінің әзірлемелері мен стартаптарын ұсынды, мысалы, метавсель жобасы (бүкіл әлемдік виртуалды қарым-қатынас) және ойын түрінде оқытудың жаңа түрлері.
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы барлық ұсыныстарды зерделеп, оларды Қазақстанда іске асыру перспективаларын бағалауға уәде берді. Қор қызметкерлері отандастармен үнемі байланыста болу үшін олармен байланысу құралдарының дерегін алмасты.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» еңбек қауіпсіздігі - басты бағыттардың бірі
{{ $t('messages.news1') }}
«Қаражанбасмұнай» жер қойнауын қауіпсіз әрі экологиялық барлау жобасын...
{{ $t('messages.news1') }}
Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның негізгі инвестициялық үйлестірушісі