Ашықтық және айқындық - «Самұрық-Қазына» қоры жұмысындағы жаңа қағидаттар

Ашықтық және айқындық - «Самұрық-Қазына» қоры  жұмысындағы жаңа қағидаттар

605

06 Қазан 2022

Бүгін «Самұрық-Қазына» қорында Қордың қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың баспасөз брифингі өтті. Ол аталған бағыттар бойынша 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы толық әңгімелеп берді.

Жұмысқа орналасу және оған қойылатын жаңа талаптар

Менеджер, «Самұрық-Қазына» қорының жұмысындағы жаңа қағидаттар – ашықтық пен айқындық екенін айтып өтті. Мысалы, жұмыспен қамту саласында Қор компаниялары тобының барлық бос орындары SamrukQyzmet бірыңғай ашық рекрутингтік порталына шығарылды. Онда үміткерлерді алғашқы іріктеу автоматтандырылған, бұл адам факторы мен сыбайлас жемқорлықты толығымен жояды. Портал іске қосылғаннан бері 20 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. 7 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Қазір SamrukQyzmet порталында 123 мыңнан астам адам тіркелген, бұл «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобына қазақстандықтардың еліміздің ірі жұмыс берушісі ретінде аса қызығушылық танытуын білдіреді.

AI9I2201.jpg

Сонымен қатар, болашақ бастықтарға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының бірінші басшылары, басқарушы директорлары мен бөлімшелерінің басшылары лауазымдарына барлық кандидаттарды үлестес және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін комплаенс-офицерлер тексереді. Болашақ сатып алушы басшыларына жалғандық детекторында қосымша тексеру енгізілді. Мұндай тесттер «Самұрық-Қазына» қоры тобының 38 компаниясында 96 кандидатқа өткізілді. 18 кандидат тексеруден өтпеді және жұмысқа қабылданбады.

Қызметкерлердің әл-ауқаты – ең жоғары құндылық

«Самұрық-Қазына» қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға басымдық береді. 2022 жыл компаниялар тобында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы болып жарияланды. Қор Қазақстанда алғашқы болып Vision Zero өндірістік қауіпсіздігінің халықаралық қағидаттарын өндіріске енгізді. Қызметкерлерді шетелдік әдістемелер бойынша оқыту, еңбек қауіпсіздігі саласында қазақстандық сарапшыларды даярлау, өнеркәсіптік объектілердің аудиті жүргізіледі. 

AI9I2005.jpg

Осы атқарылған жұмыстар нақты нәтиже берді. Жыл басынан бері жазатайым оқиғалар саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға төмендеді. Әрбір осындай оқиға «Самұрық-Қазына» 0jhs басшылығының жеке бақылауында. Олардың көпшілігі ҚТЖ, «Самұрық Энерго» және «ҚазМұнайГаз» компанияларында өтеді. Мамыр айында «Самұрық-Қазына» тобының әр компаниясының басшылары қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша дербес міндеттемелер алды.

«Самұрық-Қазына» қоры еңбек ұжымдарының моральдық жағдайын бақылауда ұстайды. Еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны ұлғайту, жанжалдардың алдын алу, оның ішінде қызметкерлер мен басшылық арасында жұмыстар жүргізілуде. Қорда тәулік бойы жұмыс істейтін «Нысана» call-орталығы құрылды, онда қызметкерлер әлеуметтік-еңбек қатынастарына шағымдана алады.

Қоғамға және БАҚ-қа ашық болу

Барынша айқын болу үшін Қордың қоғамға және БАҚ-қа ашық болуы күшейтілді. Қоғамдық кеңестің ашық отырыстары үнемі өткізіліп тұрады, онда «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың жұмысы ашық талқыланады. Қор мен портфельдік компаниялар басшыларының баспасөз брифингтері өткізіледі, онда басшылар БАҚ пен тұрғындардың кез келген сұрақтарына жауап береді. «Самұрық-Қазына» қоры өз жұмысы жайында әлеуметтік желілерде, оның ішінде @samrukazynaofficial телеграм-арнасы арқылы белсенді түрде ақпарат беріп отырады.

Қоғаммен өзара іс-қимылдың тағы бір жаңа түрі – IPO науқаны аясында азаматтармен ашық кездесулер өткізу. Қыркүйек айында Қор өкілдері мен сарапшылар бүкіл Қазақстанды аралап, қалалар мен ауылдардың тұрғындарымен «ҚазМұнайГаз» компаниясының акцияларын орналастыру туралы 130-дан астам семинар өткізді. Бұл кездесулерге мыңдаған адам қатысты.

«Самұрық-Қазына» қоры қоғаммен келісе отырып, жұмыс істеу және даму үшін өз қызметінің ашықтығын одан әрі күшейтуге дайын.