Лондон қор биржасы алаңында қазақстандық жаһандық инвестициялық форумы өтті

Лондон қор биржасы алаңында қазақстандық жаһандық инвестициялық форумы өтті

416

09 Қараша 2022

Іс-шара «Жаңа экономикалық дипломатия және Қазақстанға инвестициялау жолдары» тақырыбына арналды. Форумды кезекті рет Лондон қор биржасы, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі және «Самұрық-Қазына» қоры ұйымдастырды.
 
Қор төрағасы Алмасадам Сәтқалиев құттықтап, «форум Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы достықтың берік байланысы мен ортақ құндылықтарға негізделген дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ерекше маңызға ие» екенін, сондай-ақ жаһандық проблемалардың жаңа шешімдерін іздеу қажеттігін айтты.

Жаһандық қауіпсіздік және көпжақты үйлестірудің маңыздылығы туралы айта отырып, Алмасадам Сәтқалиев Еуразияның төрінде орналасқан және 500 миллионнан астам тұтынушысы бар көрші нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен бірегей географиялық орнын атап өтті.

«Самұрық-Қазына» төрағасы шетелдік инвесторларды бизнестің дәстүрлі және жаңа салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.

Жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар ете отырып, жуырда «ҚазМұнайГаз» Халықтық IPO-ның шеңберінде (ҚР азаматтарының өтінімдерін қанағаттандыру басымдығымен) 8 406 теңге (18,5 АҚШ долларына баламалы) бағасымен өтінімдердің жиналуы басталғаны және акцияларды сатып алудың негізгі шарттары туралы жарияланғаны туралы айтылды, оны мемлекеттік комиссия мен Қордың Директорлар кеңесі келіскен болатын.

Форумға Британдық бизнес, қаржы ұйымдарының өкілдері және халықаралық инвесторлар қатысты.