«Самұрық-Қазына» қоры мен ҚТЖ Ақтау портында ТЖ кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады
975
12 Мамыр 2023
Оқу-жаттығулар өндірістік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру үшін өткізілді. Апатқа қарсы жаттығу құрғақ жүктерді, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдайтын Ақтау теңіз сауда портының аумағында өтті.
Ең ауыр ықтимал апаттардың бірі – айлақта жүк тиеу кезінде танкерден мұнайдың төгілуін шартты түрде оқшаулау және жою жағдайында порт, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылы пысықталды. Жаттығу барысында порт алдын ала әзірленген схема бойынша күштер мен құралдарды дайындады. Мұнай төгілуі ықтимал орын бон тосқауылдарының көмегімен оқшауланды.

«Самұрық-Қазына» қорының басшылығы апатқа қарсы жаттығу қорытындыларына оң баға берді. Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор ҒибратАуғанов, бұл жұмыс Қор тобының кәсіпорындары өндірістегі ықтимал ТЖ-ға ден қоюға әрқашан дайын болуы үшін жалғастырылатынын атап өтті.

Анықтама үшін:
«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы өндірістік қауіпсіздіктікүшейту үшін қауіпті өндірістік объектілерде үнемі тактикалық жаттығуларөткізіп тұрады. Сәуір айында Үлбі металлургия зауытында ТЖ кезінде іс-қимылдар үйлесімді пысықталды. Қазан айында «ҚазТрансОйл»компаниясының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы объектісінде де осындай жаттығу ұйымдастырылды.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...