Masdar және Cамұрық-Қазына серіктес болды
931
09 Маусым 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры мен Kazakhstan Investment Development Fund басшылығы Masdar Басқарма төрағасы Мұхаммед Жәмил әл Рамахимен кездесті.
Тараптар Жамбыл облысында энергияны жинақтайтын жүйесі бар,белгіленген қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін жаңа жел электр станциясын салу жобасын бірлесіп іске асыру шарттарын талқылады.
Кездесу барысында Қор мен Masdar арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, келісім жоба бойынша одан әрі ынтымақтастықтың бастауыболмақ.

Сондай-ақ Астана халықаралық форумы аясында Қор, ҚР Энергетика министрлігі, KIDF және Masdar арасында негізгі іс-шараларды, жауапты тараптарды және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралардыңкүнтізбелік жоспарына (Жол картасына) қол қою жоспарланып отыр.
Анықтама: Masdar 2006 жылы құрылған және жаңартылатын энергия көздері мен жасыл сутегі бойынша әлемдік көшбасшы және ортақ ЖЭК генерациясы 23 ГВт-тан асады. Соңғы онжылдықта компания БАӘ-де және бүкіл әлемде таза энергия, тұрақты жылжымайтын мүлік және таза технологиялар шешімдерін әзірледі.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...