"Самұрык-Қазына" және ACWA Power ЖЭС салады
1322
12 Маусым 2023
Астана халықаралық форумы аясында Самұрық-Қазына, ҚР Энергетика министрлігі, Жетісу облысы әкімдігі және ACWA power компаниясының басшылығы Жоңғар қақпасы ауданында электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелерін талқылау үшін бас қосты.
Тараптар ЖЭС жобасын іске асыру жөніндегі негізгі іс-шараларды, жауапты іс-шараларды және мерзімдерді айқындайтын Күнтізбелік іс-шаралар жоспарына (жол картасына) қол қойды.
Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылы Джедда қаласына барғансапары мен биыл Сауд Арабиясында қол қойылған Қағидаттар туралы келісімнің шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы.
Анықтама: ACWA Power жаңартылатын энергия көздері, атап айтқанда, электр энергиясы мен тұщыландырылған су өндірісі бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.
Компанияның энергетикалық портфеліне 12 елдегі 77 актив кіреді. Жобалардың жиынтық қуаты 50,4 ГВт электр энергиясынан асады, ал компанияның жобаларға инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 78,2 млрд АҚШД-ны құрайды.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...