«Самұрық-Қазына» қорының басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласына барды
530
30 Тамыз 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Түркістан» компрессорлық станциясында болды. Газ саласының мамандарымен кездесуде күзгі-қысқы кезеңге дайындық 100 пайызға бағаланды.
«Түркістан» КС «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдік газ құбырының ажырамас бөлігі, ол Түркістан қаласына жақын 1230 шақырым жерде орналасқан. Станция 2018 жылы пайдалануға берілді. Ол газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10-нан 15 миллиард текше метрге дейін арттырды. Нұрлан Жақыпов атап өткендей, бұл магистральға елдің оңтүстік өңірлерін, ал жылыту маусымы мен республика астанасын газбен жабдықтау бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. «Бүгін толық дайындық туралы есеп беру үшін «Qazaqgaz» АҚ қызметкерлері дайындық жумыстарына көктемде кіріскен», - деп атап өтті Жақыпов.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен өткен жиында Қордың өңірдегі бірқатар компанияларының, оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» АҚ еншілес ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы соңғы алты жылда «Samruk-Kazyna Trust» қоры өңірде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрайтын 23 қайырымдылық жобасын жүзеге асырғаны айтылды.
Сол күні «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Шымкентте «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да жұмыс сапарымен болды. Мұнай өңдеу зауытының басшылығымен кездесуде отын немесе мұнай-химия нұсқалары бойынша кәсіпорынды одан әрі кеңейту, сондай-ақ МАЭК-тегі жақында болған апатқа байланысты оны тұрақты электрмен жабдықтау мәселелері талқыланды. Нұрлан Жақыпов зауыт үшін негізгі ресурстарды жеткізуде өнімсіз делдалдарды жою міндетін қойды. «Бұл тек мұнайға ғана емес, газға, қоспаларға және өзге де шығыс материалдарына да қатысты», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басшысы.
Өз кезегінде, «ПҚОП» ЖШС басшылығы АИ-95 маркалы автобензин өндірісін тоқтатуға әкеп соққан LANPEC пластиналы жылу алмастырғыштың істен шығуы жағдайын баяндады. Өндірушінің ұсынымдары негізінде бөлшекті дереу ауыстыру туралы шешім қабылданды. Жаңа жылу алмастырғыш зауытқа келесі жылдың ақпанында жеткізілетін болады. Осылайша, туындаған жағдай тұрақтандырылады.
«Алдағы уақытта өндірісте мұндай іркілістерге жол бермеуіңізді сұраймын. Әсіресе егін егу, жинау кезеңінде. Істен шыққан жылу алмастырғышқа он жылдан астам болды. Ол талай рет жөндеуден өткен. Қазір бензин өндірісін қалпына келтіру туралы уақытша шешім қабылданды. Дегенмен, тапшылық мәселесі жаңа жылу алмастырғыш пен катализатор орнатылған сәттен бастап толығымен жойылады», - деді Нұрлан Жақыпов.
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы оңтүстік өңірлерге жұмыс сапарының соңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесті. Сондай-ақ онымен «ПҚОП» ЖШС мұнай өңдеу зауытын дамыту және қайта құру және нарықты мұнай өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар әлеуметтік саясат саласындағы жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Бүгінгі таңда (2016 жылдан бастап) «Samruk-Kazyna Trust» МКҚ арқылы Шымкентте жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 24 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылғы тұрақты даму саласындағы есебі жари...
{{ $t('messages.news1') }}
KEGOC SPO-сы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қорында кадр саясаты, әлеуметтік және қайырымдылық жо...
{{ $t('messages.news1') }}
Самрук-Қазына мен ÖBB-holding ынтымақтастық перспективаларын талқылайд...