«Гендерлік теңдік» бағдарламасының қатысушылары Аида Балаевамен кездесті

«Гендерлік теңдік» бағдарламасының қатысушылары Аида Балаевамен кездесті

4596

21 Қазан 2023

 ​«Самұрық-Қазына» АҚ «Гендерлік теңдік» бағдарламасының қатысушылары ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Аида Балаевамен кездесті.

Кездесуге «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек мәселелері және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және Қор компаниялары тобының, соның ішінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Энерго», «Қазпошта» АҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында әйелдерді қолдауға бағытталған маңызды мәселелер мен бастамалар талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар осы тақырыпқа арналған мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың іске асырылуы туралы толық біліп, ой-пікір алмасып, түрлі салаларда гендерлік теңдік орнатуға ықпал ету жолдарын талқылады.

Ғибрат Ауғанов биыл 4-5 қыркүйекте өткен кездесулердің қорытындысы бойынша, қатысушылардың Қорда экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерді арттыру жөніндегі ұсыныстары жиналып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне жолданғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, әйел-көшбасшылар өзге әйелдермен ана болу, білім беру, мансап, қаржылық сауаттылық сияқты түрлі тақырыптар бойынша өз көзқарастары және тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

sk_2023-05-05_00200_photo1683267832 (1)ww_0001_Layer 2-Recovered.jpg_0000_Layer 3.jpg


Қазақстанның гендерлік теңдік саласындағы жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалатынын атап өткен жөн. Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегінше, 2022 жылы Қазақстанда гендерлік теңсіздік ара-жігінің қысқаруына байланысты көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған. Небәрі бір жылдың ішінде Қазақстан 146 елден тұратын рейтингіде 80-ші орыннан 65-ші орынға көтерілген.

Бұған дейінгі кездесуде «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек мәселелері және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов алдағы 7 жыл ішінде Қордың шешім қабылдау органдарында әйелдердің үлесін екі есеге арттыру жоспарланғанын айтқан.