2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурс өткізілмеді
2272
30 Қаңтар 2024
Осы арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлайды.
«Самұрық-Қазына» АҚ «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тәуелсіз консультант көмегімен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың акцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының нормаларына сәйкес «QAZAQ AIR» АҚ-ын бәсекелестік ортаға беру мәселесін пысықтау бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...