«Эйр Астана» тобы IPO-ны сәтті аяқталғанын хабарлады

«Эйр Астана» тобы IPO-ны сәтті аяқталғанын хабарлады

1036

15 Ақпан 2024

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасында «Эйр Астана» АҚ бағалы қағаздарымен сауда-саттықтың ашылу салтанаты өтті, оған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов және авиакомпания президенті Питер Фостер қатысты.

AIX-тен бөлек, шартсыз сауда-саттық Қазақстан қор биржасында (KASE) да басталды. Бір күн бұрын Лондон қор биржасында (LSE) жаһандық депозитарлық қолхаттармен (GDR) шартсыз сауда-саттық ашылған болатын.

«Эйр Астана» тобы – акциялары бір мезгілде үш биржада (LSE, KASЕ мен AIХ) орналастырған алғашқы қазақстандық компания.

sk-press-1.jpg


1 жаһандық депозитарлық қолхаттың бағасы – 9,5 долларды, ал 1 қарапайым акция үшін 1 073,83 теңгені құрады. Орналастыру шеңберінде 3 сатушы тарап, яғни «Самұрық-Қазына» АҚ, BAE Systems PLC және компанияның өзі 370 млн.доллар қаржы тартқан. Орналастыру кезінде компанияның бағасы шамамен 847 миллион долларды құрады.

Орналастыру қорытындысы бойынша қазақстандық инвесторларға барлық орналастырудан 58% - 214 млн доллар бөлінді. Бұл соманың жартысынан көбі қазақстандық бөлшек инвесторлар арасында бөлінді.

Ұсыныстың 42%-ы халықаралық нарықта орналастырылған.

«Жергілікті және халықаралық институционалдық инвесторлар, сондай-ақ бөлшек инвесторлар тарапынан үлкен сұраныс болды. Бұл авиакомпанияның және жалпы Қазақстан экономикасының жоғары инвестициялық тартымдылығын, сондай-ақ «Эйр Астана» даму әлеуетіне жергілікті және халықаралық нарықтардың сенімін білдіреді», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов.

sk-press-2.jpg


IPO-дан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниядағы үлесі 51%-дан 41%-ға дейін азайды. Ал BAE Systems PLC-тікі 49%-дан 15,3%-ға дейін төмендеген.


****

«Эйр Астана» тобы – нарық үлесі бойынша Орталық Азияның Кавказ өңіріндегі ірі авиакомпания тобы. Компания 2001 жылы құрылып, акционерлер 17 миллион инвестиция салған, оның ішінде мемлекет те бар. Сол уақыттан бері «Эйр Астана» акционерлерге $156 млн дивиденд (мемлекет үлесіне шамамен 80 миллион доллар келген) және салық түрінде $711 млн төлеген.