«Самұрық-Қазына» 7 компаниясы акциялары нарықта саудалануда – «Эйр Астана», KEGOC, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «ҚазТрансОйл», Kcell және «Қазақтелеком».

«Самұрық-Қазына» 7 компаниясы акциялары нарықта саудалануда – «Эйр Астана», KEGOC, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «ҚазТрансОйл», Kcell және «Қазақтелеком».

907

15 Наурыз 2024

Бұл акциялар жалпы саны 199 мың бөлшек инвесторлардың еншісінде.

Компаниялардың нарықтық капитализациясы қор нарығына шыққан сәттен бастап күрт өсті – қазіргі кезде жиынтық мөлшері $31,64 млрд құрайды, яғни 85%-ға өскен.

Лондон қор биржасы бойынша мәліметтерге тоқталсақ, қазір LSE нарығында Орталық Азия және Кавказ аймағынан 16 компания ұсынылған, олардың жалпы нарықтық капитализациясы $44 млрд құрайды.

Соның ішінде капитализациясы $37 млрд болатын 11 эмитент-компания – Қазақстаннан. Бұл қатардан «Эйр Астана» және «Қазатомпром» акцияларын көруге болады, жалпы капитализациясы $11,6 млрд құрайды.

Қор компанияларын IPO/SPO-ға шығару – бұл Қордың басым бағыттарының бірі. Қор нарығына ірі компанияларды шығару арқылы компанияны корпоративті басқару міндеті біртіндеп шешіліп келеді. Ол компаниялар қоғамдастыққа жария болып және миноритарлы акционерлер алдында есеп беретін компанияға айнала бастады. Сондай-ақ, олардың қызметінің ашықтығы мен ESG саласындағы қағидаттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

Осылайша миноритарлы акционерлер, Директорлар кеңесі және компанияның атқарушы органдарының құқытары мен мүдделерін сақтау шаралары, сондай-ақ қор биржаларының талаптарына ақпараттың сәйкестігі процестері сапалы деңгейге жетті.

Шын мәнінде Қордың корпоративтік басқару деңгейі өте жоғары. Мәселен, осыдан екі күн бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ KASE-нің жылдық есептер конкурсында «2022 жылдың тұрақты даму туралы үздік есеп» аталымы бойынша лауреат атанды.