«Самұрық-Қазына» қорында «Шелл Қазақстан» компаниясымен кездесу өтті
1065
05 Сәуір 2024
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Шелл Қазақстан БВ» компаниясының аға вице-президенті және концерннің төрағасы Герман Бурмайстерменкездесті.
Тараптар серіктестіктің басым бағыттарын талқылады. «Самұрық-Қазына» төрағасыНұрлан Жақыпов Қордың әлеуметтік қолдауға үлкен мән беретінін және қайырымдылықжобаларын іске асыруда инклюзия, медицина, білім беру және спортты дамыту басым бағыттар болып белгіленгенін атап өтті.
«Бүгінгі таңда қор – Қазақстандағы оңалту көмегін жетілдірудің экожүйесін құрудыңбастамашыларының бірі. Мақсат – өңірлерде оңалту көмектерін қолжетімді ету. Соңғыекі жылдың көлемінде түрлі бағыттағы 38 оңалту орталығын аштық, олардың қатарында3 жасқа дейінгі ерекше балаларға арналған ерте араласу орталықтары , аутизмі бар балаларға арналған орталықтар және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалтуорталықтары бар», - деп атап өтті Қор басшысы.
2024 жылы өңірлерде 4 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 2 орталық, 1 оңалту орталығы және 1 түзету орталығын іске қосу жоспарлануда.
«Шелл Қазақстан БВ» басшысы Герман Бурмайстер «Самұрық-Қазына» әлеуметтікжобаларының маңыздылығын ерекше атап өтті және жаңа жобаларды іске асырудажемісті ынтымақтастыққа ниет білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева және «Шелл Қазақстан БВ» компаниясының корпоративтікбайланыстар жөніндегі жетекшісі Айгүл Барменқұлова екі ұйым арасындағымеморандумға қол қойды.
Меморандум аясында екі жақтың қатысуымен жаңа жобаларды әзірлеумен, жобалардыіске асыру салаларды айқындаумен айналысатын, ақпараттық және әкімшілік қолдаукөрсететін жұмыс тобы құрылады.
Қор мен «Шелл Қазақстан БВ» компаниясының қаржылық қолдауымен жақында«OrleTECH 3.0» жобасы басталады. ерекше қажеттіліктері бар 180 адам, сондай-ақәлеуметтік осал санаттағы жастар AI – маман, no code әзірлеуші, UI/UX + Web-маманысияқты сұранысқа ие цифрлық кәсіптерді меңгеретін болады.
Курстар мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып қазақ және орыс тілдеріндеәзірленген және есту қабілеті бұзылған жастардың қажеттіліктерін есепке алу үшін ым-ишара тіліне бейімделген. Жобаның бірегейлігі офлайн және онлайн форматтағышараларды қамтыған кешенді, кезеңді дамуында.
Жоба шеңберінде оқытылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселесіде пысықталуда.
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті