Тау-Кен Самұрық АҚШ Мемлекеттік департаментімен және UGQ әріптестікте сирек кездесетін металдарды өндіру тұрғысынан перспективалы аумақтарды, нақты айтқанда
1566
18 Шілде 2024
Тау-Кен Самұрық АҚШ Мемлекеттік департаментімен және Ұлттық геологиялық қызметпен (UGQ) әріптестікте сирек кездесетін металдарды өндіру тұрғысынан перспективалы аумақтарды, нақты айтқанда, Қазақстанның Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан учаскелерді зерделейді.
Бүгін Астанада «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Бақыт Чирчикбаев, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Энергетикалық ресурстар бюросының Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Кимберли Харрингтон және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат сирек металдар ресурстарына және Арал өңірінің инвестициялық әлеуетіне тәуелсіз бағалау жүргізуді, соның ішінде сынама алуды, гидрологиялық және зертханалық талдауларды, Қалба-Нарым белдеуіндегі геохимиялық зерттеулерді, сондай-ақ салық салу, трансферттік баға белгілеу және т.б. бөлігінде минералды ресурстардың қазақстандық секторына қаржылық талдауды көздейді.
Қол жеткізілген алдын ала уағдаластықтарға сәйкес ынтымақтастықтың бірінші кезеңінде АҚШ Мемлекеттік департаменті техникалық сараптама бөлігінде қолдау көрсетеді, UGQ қолда бар тарихи геологиялық деректерді қолжетімді етеді, жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ға тиесілі болады.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...