«Самұрық-Қазына» басшысы ҚХР делегациясымен кездесті
1808
11 Ақпан 2025
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қытайдың халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің (ҚХСДК) төрағасы Жэнь Хунбинмен кездесу өткізді.
«Самұрық-Қазына» ҚХСДК-мен бірлесіп Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Қор басшысы Нұрлан Жақыпов және CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Си Гуохуа ҚҚІК-нің тең төрағалары.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі – екі елдің бизнес өкілдері үшін диалог алаңы қызметін атқарады, әрі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.
Өткен жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Астанада ҚҚІК-тің 7-ші отырысы өтті. Шара барысында жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы Қытайда өтеді. Кездесу барысында тараптар аталған шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде талқылады.
Қытай делегациясының құрамында CITIC, PetroChina International Co., Ltd, Sinopec Group, YTO Express, China National Offshore Oil Corporation, Tai’an Jiuzhou Jincheng Machinery Co. Ltd сынды ірі компаниялар болды.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...