Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұрық-Қазына» қоры Иорданиямен байланысты нығайтуда
2112
19 Ақпан 2025
Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Иорданияның Инвестициялар министрі Мусанна Гараибехпен кездесті.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалық бағыттарын талқылады.
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» тобының инвестициялық портфелі 100 млрд АҚШ долларынан астам сомаға 130 жобаны қамтитынын атап өтті.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Иорданияның JUMCO уран өндіруші компаниясының бас директоры Мұхаммад әл-Шаннахпен кездесті. Кездесу барысында тараптар атом өнеркәсібіндегі ықтимал ынтымақтастықты талқылады, сондай-ақ Қордың портфельдік компаниясы – «Қазатомөнеркәсіп» мен JUMCO компаниясы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум:
Құжат Қазақстан мен Иордания арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болды, деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Иордания президенттерінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» мен Иорданияның Инвестициялар министрлігі арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат инфрақұрылым, энергетика және тұрақты даму сияқты негізгі бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...