Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай елшісімен кездесті
43
28 Ақпан 2025
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстандағы ҚХР елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті
Тараптар энергетика, соның ішінде ЖЭК, мұнай-газ саласы, логистика және басқа да серіктестіктің перспективалы бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің кезекті отырысына дайындықты талқылады.
«Самұрық-Қазына» тобы Қытайдың жетекші компанияларымен бірлесе белсенді жұмыс істеуде.
Олардың қатарында Қытайдың ірі ұлттық ядролық корпорациясы China National Nuclear Corporation, теміржолдарға арналған жылжымалы құрамның әлемдегі ең ірі өндірушісі CRRC Corporation Limited, жаһан бойынша зияткерлік құрылғылардың жетекші жеткізушісі Huawei, Citic Group ірі мемлекеттік конгломераты, China National Petroleum Corporation мұнай-газ корпорациясы, SPIC Мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы, Қытайдың ең ірі машина жасау компаниясы SANY Group және басқа да кәсіпорындар бар.
Кездесуде серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң нәтижелер атап өтілді.
Былтыр ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары аясында Астанада Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-отырысы өткен еді. Нәтижесінде, жалпы құны 3,7 млрд доллар болатын 45 құжатқа қол қойылды.
Аталған кеңес 10 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...