«Самұрық-Қазына» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандық таңдап, болашаққа бағыт алуға көмектеседі
2934
17 Сәуір 2025
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында Samruk Umiti жобасы басталды. Ол балалар үйінің 100 жасөспірімін қамтиды. Бағдарлама балаларға мамандық таңдап, болашаққа бағыт алуға көмектеседі.
Қатысушылар — 8-9 сынып оқушылары — қаржылық сауаттылық, көшбасшылықты дамыту және кәсіби бағдар беру курстарынан өтеді. Олармен кураторлар жұмыс істейді. Сонымен қатар жасөспірімдер колледждер мен өндіріс орындарына бара алады.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының кәсіпорындарында тағылымдамадан өтіп, жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.
Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы — Samruk-Kazyna Trust жүзеге асырады.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...