«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілік
2006
21 Сәуір 2025
Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өтті.
Оған 7 еншілес компанияның 200 қызметкері қатысты. Қатысушылардың мақсаты бір - қаланы таза әрі жасыл ету. Олардың қатарында «7 Qadam PRO» өндіріс мамандарын дамыту бағдарламасының өкілдері де бар.
Осылайша, бірлескен күштің арқасында саябақтың көп аумағы тазартылып, қоқыс қаптары жиналды.

«Өткен жылы Қордың компаниялар тобы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 200-ден астам сенбілік өткізіп, 100 мыңнан астам ағаш отырғызды.
Биылғы жоспар одан да ауқымды – бүгінде еліміз бойынша 137 мың ағаш отырғызылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда», - деді Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Барлық қатысушыларға қаланы тазарту жұмысына атсалысқандары үшін көп рахмет!
Біз бірлесе отырып, Қазақстанды таза әрі жасыл етеміз!
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жасанд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қайырымдылық марафонында шамамен 250 млн теңге жиналд...
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағанды облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов KEGOC директорлар...