ҚР Премьер-Министрі төрағалық еткен директорлар кеңесінде Самұрық-Қазынаның түйінді көрсеткіштері қаралды

ҚР Премьер-Министрі төрағалық еткен директорлар кеңесінде Самұрық-Қазынаның түйінді көрсеткіштері қаралды

73

23 Сәуір 2025

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Отырыс барысында Қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың 2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша негізгі оқиғалар мен өндірістік және қаржылық көрсеткіштер қамтылған есебі тыңдалды. Негізгі көрсеткіштер жоспарлы деңгейде.

Отырыста отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды. Қордың Сатып алу тәртібінде ОТӨ тауарларын басым тәртіппен сатып алу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде мердігерлік/қосалқы мердігерлік ұйымдардың ОТӨ-ден тауар сатып алу міндеттемесі, сондай-ақ 16-дан астам қосымша қолдау шаралары көзделген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы ОТӨ-мен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге шарттар жасалды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 76%-ға артық. 2025 жылы 1,4 трлн теңге сомаға шарттар жасасу жоспарланып отыр.

«Импортты алмастыру бағдарламасы» аясында 2024 жылы «Самұрық-Қазына» қоры қазақстандық кәсіпкерлермен жалпы сомасы 191 млрд теңгені құрайтын оффтейк-келісімшарттар жасасты. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 10 есеге артты.

Қазақстандық бизнесті қолдаудың тағы бір тиімді құралы –skstore.kz электрондық дүкені. Платформада 13 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен 500-ден астам отандық тауар өндірушілер тіркелген.

photo_5208528074633767780_y.jpg

2024 жылдың қорытындысы бойынша 14,6 млрд теңгеге 25 мың тапсырыс орналастырылды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 7 есе өскен.

Сонымен қатар Директорлар кеңесінде жалпы құны шамамен 36,4 трлн теңге болатын 46 ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысы қаралды.  

Аталған жобалар экономиканың басым салаларын қамтиды және Мемлекет басшысының тапсырмаларына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылуда.

Есептік кезеңнің негізгі оқиғаларының қатарында:

- «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жобасын іске асыру шеңберінде және Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша «Шу», «Жамбыл», «Шымкент» қосалқы станцияларында «Полиэтилен өндірісі» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау;

- ЕРС-келісімшарттарға қол қою және күкірт қышқылы зауыты мен «Мойынты-Қызылжар» теміржол желісін салу жобалары бойынша құрылыс жұмыстарын бастау;

- 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған бірқатар инфрақұрылымдық объектілерді іске асырудың белсенді фазасы — «Достық-Мойынты» теміржол желісі, Алматы қаласын айналып өтетін айналма теміржол желісі, Ақтау қаласындағы порт базасындағы контейнерлік хаб, «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбыры, Кендірлідегі теңіз суын тұщыту зауыты, «CASPI BITUM» кеңейту және Павлодар мұнай-химия зауытының дизель отынын гидролық тазалау қондырғысын реконструкциялау жобалары бар. 

Премьер-Министр Қазақстанның инфрақұрылымына, энергетикасына, көлік логистикасы мен өнеркәсіптік дамуына жүйелі әсер ететін жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.


Фото: Telegram/ KZgovernment