Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті
402
06 Мамыр 2025
Дөңгелек үстел барысында Vietjet Air және Qazaq Air компаниялары стратегиялық әріптестік – Qazaq Air базасында жаңа Vietjet Qazaqstan әуе компаниясының құрылуы туралы келісімге қол қойылды.
Бұл ретте, Sovico Group пен VietJet Air өздерінің мол тәжірибесі мен жоғары құзыретін пайдалана отырып, Vietjet Qazaqstan компаниясының басқару және операциялық қызметіне белсенді түрде қатысады.
«Аймақтық маршруттық желіні кеңейту көлік байланысын нығайтып, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастырады», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Vietjet Qazaqstan кемінде 20 Boeing 737 ұшағынан тұратын әуе паркін басқарады.
Іс-шара барысында Qazaq Air мен Boeing болашақ әуе паркін қолдау мақсатында клиенттерге қызмет көрсетудің жалпы шарттары туралы келісімге (Customer Services General Terms Agreement) қол қойды. Boeing тарапынан бағдарламалық шешімдер, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, техникалық көмек, сондай-ақ ұшқыштар мен инженерлерге арналған оқыту бағдарламалары сынды кешенді қызмет көрсетіледі.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...
{{ $t('messages.news1') }}
Ақтауда жаңғыртылған «Caspi Bitum» зауыты ресми түрде іске қосылды