«Самұрық-Қазына» АҚ мен Shell компаниясы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
1299
16 Мамыр 2025
Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Shell компаниясының Қазақстандағы аға вице-президенті және концерн төрағасы Әли Әл-Жанаби, сондай-ақ Shell-дің негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президенті Сюзанн Куганмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық мәселелерін, мұнай-газ жобаларының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Shell - қордың мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі. Компания «Самұрық-Қазына» қорының еншілес компаниясы — «Қазмұнайгазбен» бірлесіп, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобалары, КТК, геологиялық барлау және басқа да бағыттар бойынша жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар, тараптар әлеуметтік бастамаларды да бірлесе жүзеге асыруда. Осылайша, өткен жылы қор мен Shell қолдауымен OrleTECH 3.0 инклюзивті білім беру жобасы табысты түрде іске асырылды. Жоба аясында ерекше қажеттіліктері бар жастар сұранысқа ие IT-мамандықтар бойынша оқу оқыды.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...