«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті
1251
04 Маусым 2025
Тараптар квазимемлекеттік сектордың сатып алу жүйесін жетілдіру мәселесін талқылады.
Нұрлан Жақыпов Қорда отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған 16 шара әзірленгенін атап өтті. Бұл шаралардың кейбірі – бірегей, мұндай басқа реттелетін сатып алу жүйелерінде жоқ.
Мысалы, «Самұрық-Қазынада» отандық тауар өндірушілерге (ОТӨ) сөзсіз басымдық беріледі, ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасалады, алдын ала төлем мен жедел төлеу қарастырылған, сондай-ақ ОТӨ өнімдері жұмыс пен қызметтің құрамына енгізіледі.
Сондықтан қазіргі сатып алу жүйесінің тиімді үлгісін сақтау маңызды, – деді Жақыпов кездесу барысында.

Өз кезегінде, Райымбек Баталов Топта қазақстандық өндірушілерді қолдаудың тиімді жүйесі қалыптасқанын және оның оң нәтижелер беріп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Қордың сатып алу жүйесін Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы сияқты әлемдік компаниялар халықаралық озық стандарттарға сай деп мойындады.
Қордың портфельдік компаниясы – KEGOC – «Самұрық-Қазынаның» сатып алу ережелерін қолданады. Осыған байланысты ЕҚҚДБ KEGOC компаниясына қаржы бөліп, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өз рәсімдерімен емес, «Самұрық-Қазынаның» ережелері бойынша сатып алуға рұқсат берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысым...
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Smithsonian Folklife ...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңартылған Қастеев музейі: арт-зертхана, цифрлық тур және ауқымды көр...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...