«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Астанаға Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысы аясында келген Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесті
1199
23 Маусым 2025
Тараптар шетелдік компанияның Қазақстандағы тау-кен-металлургия саласындағы қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.
Glencore — сауда, логистика және пайдалы қазбаларды өндіру салаларында қызмет ететін швейцариялық компания. Ол - түсті металдар, минералды ресурстар мен энергетикалық шикізатты жеткізумен айналысатын әлемдік жетекші компаниялардың бірі.
Шетелдік инвесторлар кеңесі — ҚР Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Ол Қазақстан Президенті мен шетелдік инвесторлар арасындағы тікелей диалог орнату үшін құрылған. Бұл - елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға және күрделі мәселелерді шешуге ықпал етеді.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...