«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен серіктестікті жалғастыру перспективаларын талқылады
960
23 Маусым 2025
Еуропа қайта құру және даму банкі – «Самұрық-Қазына» қорының ұзақ мерзімді серіктесі. Банк серіктестік орнатылғаннан бері Қордың энергетика, тау-кен металлургия, мұнай-газ және логистика салаларындағы жобаларын қаржыландыру үшін 4 миллиард еуродан астам қаражат бөлген.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жобалар бойынша прогресті атап өтіп, Қордың сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде талқылады.
Банк Батыс Қазақстанның электр желісін еліміздің Біртұтас электр энергетикасы жүйесімен біріктіру жобасында маңызды рөл атқарады. Қордың портфельдік компаниясы – KEGOC «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу ережелерін қолданады. Бұл, өз кезегінде, халықаралық қаржы институтымен келісім жасасуға мүмкіндік берді.
Жиында банк президенті «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесінің озық екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Еуропа қайта құру және даму банкі Қордың сатып алу жүйесін халықаралық стандарттарға сай деп таныған. «Самұрық-Қазына» – банк тарапынан сатып алу жүйесі ресми түрде мақұлданған әлемдегі (ЕО елдерінен тыс) жалғыз ұйым.

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...