Астанада «Children Paralympic Games 2025» инклюзивті спорт фестивалінің финалы өтті
1076
28 Маусым 2025
Үш күн бойы 400 жас спортшы бейімделген спорт түрлерінен: жүзу, каратэ, тхэквондо, футбол, жеңіл атлетика, пионербол, бочча, ЦП-футбол, үстел теннисі және хореографиядан бақ сынасты.
Финалға қатысу үшін еліміздің 20 өңірінен келген бейімделген спорт секцияларының тәрбиеленушілері іріктеуден өтті.

«Бірнеше жылдан бері Қор инклюзивті спорт секцияларын құру жобасына қолдау көрсетіп келеді, және бұл жүйелі жұмыстар нәтижесін беруде. Бүгінде 7 мыңдай ерекше бала бейімделген спорт түрлерін меңгерді», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов фестивальдің жабылу рәсімінде.
Жеңімпаздар «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде салтанатты түрде марапатталды.
Фестиваль «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Саламатты болашақ» инклюзивті жобасының ерекше кезеңі болды.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысым...
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Smithsonian Folklife ...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңартылған Қастеев музейі: арт-зертхана, цифрлық тур және ауқымды көр...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» корпоративтік басқаруды дамытуға қосқан үлесі үшін ма...