«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және KMG International (Rompetrol) басшылығымен кездесті
1550
12 Шілде 2025
Тараптар компанияның Констанца қаласы маңындағы негізгі нысандарын аралап көрді. Сондай-ақ, кездесуде өндірістік көрсеткіштер мен даму жоспарлары талқыланды.
KMG International — «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымы. Ол Румыниядағы екі ірі мұнай өңдеу зауыты – Petromidia және Vega, сондай-ақ полимер өнімдерін шығаратын мұнай-химия кешенін басқарады.
Rompetrol акцияларының 54,63%-ы KMG International компаниясына тиесілі. Rompetrol – 12 елде жұмыс істейтін ірі энергетикалық компания.
Бұған дейін KMG International құрамындағы Petromidia мұнай өңдеу зауытында мамырда төмен тығыздықтағы полиэтилен (LDPE) өндіру қондырғысы қайта іске қосылғаны айтылды.

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...