«Самұрық-Қазына» мен Masdar Жамбыл облысындағы жел электр станциясының құрылысын талқылады
1447
03 Қазан 2025
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Жәмил әл-Рамахимен келіссөз жүргізді.
Masdar – жаңартылатын энергетика саласындағы әлемдік жетекшілердің бірі және Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын энергия жинақтау жүйесі бар жел электр станциясы құрылысының стратегиялық инвесторы.
Тараптар жобаны жүзеге асыру барысын талқылады. Құрылыс-жөндеу жұмыстары 2026 жылы басталуы тиіс. Ал 2028 жылдан бастап нысан кезең-кезеңімен пайдалануға беріле бастайды. Толық режимде 2029 жылы жұмыс істейді деп жоспарланған.
Бұл – өңірдегі ең ірі жел энергетикасы жобаларының бірі. Ол Қазақстанның «жасыл» энергетиканы дамыту және көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болмақ.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...