«Самұрық-Қазына» 2025 жылы бір миллион ағаш отырғызады
1263
18 Қазан 2025
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы ауқымды экологиялық бағдарламаны жалғастыруда.
Бүгін елордадағы 17 «Келешек мектебінде» кезекті экологиялық акция өтті.
Қордың портфельдік компанияларының өкілдері оқушыларымен бірге мектеп аумағына көшеттер екті.
Ересектер балаларға табиғатты сүю мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау жөнінде маңызды сабақ берді.
«Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қор 2025 жылдың басында бір миллион ағаш отырғызу жөнінде ауқымды мақсат қойды. Бүгін біз сол мақсатқа жету жолында тағы бір қадам жасадық. Бұл – балаларымыздың денсаулығы мен еліміздің экологиялық болашағына қосқан үлесіміз», – деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.
Жыл басынан бері Қор «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында еліміздің түрлі өңірінде 1500-ден астам іс-шара мен науқан өткізді.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...