«Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары мемлекеттік наградалармен марапатталды
1088
24 Қазан 2025
Республика күніне орай «Самұрық-Қазына» мен портфельдік компанияларының жұмысшылары еліміздің дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Түрлі сала мамандарына «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Марапатталғандар қатарында – «Өзенмұнайгаз» АҚ ұңғымаларды зерттеу операторы Аязбай Дербезов, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай айдау станциясының операторы Андрей Марков, «Қазпошта» АҚ пошта тасымалдаушысы Меруерт Кудренова, «Қазатомөнеркәсіп-Сауран» ЖШС кенішінің аппаратшысы Елубай Шөкенов және басқа да мамандар бар.
Бірқатар жұмысшыға «Самұрық-Қазына» құрметті қызметкері» атағы беріліп, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Әр марапаттың астарында жылдар бойғы адал еңбек, жауапкершілік, кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген сүйіспеншілік жатыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов атап өткендей, қордың ең басты құндылығы – адамдар. Олардың еңбегінің арқасында ел экономикасын нығайтып, өңірлерді дамытатын және жаңа жұмыс орындарын ашатын жобалар жүзеге асырылуда.
Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобында 190 мыңнан астам өндіріс маманы – мұнайшылар, энергетиктер, теміржолшылар, механиктер және т.б. еңбек етеді.
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейміз!

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...