Жоғары технологиялық кәсіптер чемпионатында «Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары жүлделі орындарға ие болды
1011
16 Қараша 2025
10–14 қараша аралығында Екатеринбург қаласында өткен «Хайтек: болашақ дағдылары-2025» халықаралық жоғары технологиялық кәсіптер чемпионатында «7 Qadam MASTER» бағдарламасының қатысушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Биыл чемпионатқа 17 ел мен 50-ден астам кәсіпорыннан 1 000-нан астам қатысушы мен сарапшы жиналды. Қор компанияларының мамандары ұсынылған 8 санаттың барлығында жүлделі орындарға ие болды:
2-орын
Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда жону жұмыстары
Қатысушы: Анатолий Мирошниченко («ҮМЗ» АҚ)
Жетекшісі: Виталий Конобейцев («Инкай БК» ЖШС)
Электр монтажы
Қатысушы: Сергей Токарев («ҮМЗ» АҚ)
Жетекшісі: Бақыт Сартаев («Қызылқұм» ЖШС)
Инженерлік CAD-дизайн
Қатысушы: Сабыржан Тілебалды («KEGOC» АҚ)
Жетекшісі: Мүслім Жылқайдаров («KEGOC» АҚ)
Еңбекті қорғау
Қатысушы: Руслан Әбдірайымов («Инкай БК» ЖШС)
Жетекшісі: Арман Дәуітпаев («Қазатомөнеркәсіп» АҚ)
Зертханалық химиялық талдау
Қатысушы: Райымбек Қожамқұлов («Инкай БК» ЖШС)
Жетекшісі: Жадыра Құрманаева («Қазатомөнеркәсіп» АҚ)
Қоршаған ортаны қорғау
Қатысушы: Құралай Қожагелдинова («Семізбай-U» ЖШС)
Жетекшісі: Самат Қайрамбаев («Қазатомөнеркәсіп» АҚ)
3-орын
Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда фрезерлік жұмыстар
Қатысушы: Самат Ашғалиев («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ)
Жетекшісі: Нұрлан Чимбаев («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ)
«7 Qadam Master» бағдарламасын Samruk Business Academy ұйымы жүзеге асыруда. Ол жұмысшы мамандардың қолданбалы дағдыларын дамытуға бағытталған.

{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...