«Самұрық-Қазына» қаржылық емес есептілік бойынша тағы да көшбасшылар қатарында
1080
12 Желтоқсан 2025
Қор және оның компаниялары тобы ашықтық пен тұрақты даму саласында көшбасшы мәртебесін нық дәлелдеуде.
Ресейдің ірі кредиттік емес рейтингтік агенттігі RAEX (РАЭКС-Аналитика) жүргізген жыл сайынғы рейтинг қорытындысы бойынша қаржылық емес қоғамдық есептіліктің ең жоғары сапасы үшін 5 жұлдыз:
«Самұрық-Қазына» АҚ;
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ;
«Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдарына берілді.
Өте жоғары сапа деңгейі үшін «KEGOC» және «QazaqGaz» компанияларына 4 жұлдыз берілді.
Байқауға 393 ұйым қатысты. Есептердің мазмұны да, олардың көркемдігі де бағаланды. Сондай-ақ, ұлттық даму мақсаттары мен жаңа экономикалық құрылым жағдайындағы стратегиялық көзқарас ерекше назарда болды.
Қор компаниялары мұндай есептілікті 2015 жылдан бері дайындап келеді және сенімді түрде жетекші орындарды сақтап қалуда.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...