«Самұрық-Қазынада» өндірістік қауіпсіздік бойынша алғашқы Олимпиада өтті
1082
12 Желтоқсан 2025
12 желтоқсанда Қордың компаниялары тобының мамандары арасында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі алғашқы Олимпиада өтті. Шара еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласының үздік сарапшыларын біріктірді.
Олимпиаданың ашылу рәсімінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қауіпсіздік – жай ғана талап емес, кәсіби мәдениеттің және күнделікті тәжірибенің бір бөлігі екенін атап өтті. Қатысушылар дайындықтарының жоғары деңгейін, тәуекелдерді талдау және шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Бағдарлама білімді тестілеу, түрлі жағдайдағы тапсырмаларды шешу, сұрақ-жауаптар мен топтық таныстырылымдардан тұрды. Заманауи тәсілдерге және өндірістік нысандардағы нақты оқиғаларға ерекше көңіл бөлінді.
Олимпиада жеңімпаздары:
• Поломошнов Евгений («АЭС Шүлбі ГЭС») – 1-орын
• Олғасыр Наурызбай («QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалы) – 2-орын
• Пак Дмитрий («Karabatan Utility Solutions» ЖШС) – 3-орын
Өндірістік қауіпсіздік бойынша Олимпиада алдағы уақытта жалғасын тауып, жыл сайын өткізілетін шараға айналмақ.

{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...